Шымкент турнирі: Денис Евсеев жұптық сында жарыстың 1 ракеткасын жеңді

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстандық теннисші молдовалық Раду Алботпен бірге алғашқы айналымда жарыстың 1-ракеткалары, белоруссиялықтар Сергей Бетов — Даниил Остапенковқа қарсы келді.
Фаворит белоруссиялықтар болғанына қарамастан, қазақстандық-молдовалық жұп шебер ойын өрнегін көрсете білді — 6:4, 7:6 (7:4).

Сағат жарымға созылған бәсекеде Евсеев — Албот 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Бетов — Остапенков 4 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Денис Евсеев — Раду Албот жартылай финалға шығу үшін түркиялық Эрги Киркин — босниялық Андрей Недичпен таласады.

Осылайша, Шымкентте Қазақстаннан Д. Евсеев пен Тимофей Скатов жарыс жолын жалғастырады. Т.Скатов жекелей сында ширек финалда Д. Остапенковпен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Шымкенттегі турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью