Шымкент зообағы қазақстандықтарды кенгуру төліне ат таңдасуға шақырды

11.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Зообағымызда 17 наурыз күні кенгуру төлі дүниеге келді. Төл — аналық. Осыған орай, кішкентай кенгуруға лайықты әрі әдемі лақап ат таңдау мақсатында оқырмандарымызды белсенді қатысуға шақырамыз. Құрметті қала тұрғындары мен зообақ қонақтары, өз ұсыныстарыңызды комментарий бөліміне қалдыруларыңызды сұраймыз, — деп жазды Зообақтың инстаграм парақшасына. 

Фото: Видеодан алынған скрин

Мамандар ең ерекше әрі үйлесімді есімді таңдап алатын болады.

Әлден белсенділік танықтан оқырмандар «Марта, Боня, Эйприл, Лили, Кира, Джой, Мия, Томпақ, Бинди, Нура» сынды есімдерді ұсыныпты.

Фото: Видеодан алынған скрин

Еске сала кетейік, 2022 жылы Шымкент зообағына Австралиядан Беннета есімді кенгуру жеткізілген болатын. Сол тұста ол суды аз ішеді, тіпті бірнеше ай сусыз жүре алатыны айтылған еді. Ұйқысы сергек.

Ересек кенгурулар 60 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп, биіктігі 3 метрге дейінгі тосқауылдан секіре алады.

Кенгурудың аналығында баласы өсіп-жетілгенше орналасатын қалташасы болады. Ағзалары дамыған эмбрион анасының сөмкесіне еніп, 6 ай бойы қапшықта дамиды. Кейіннен жетілген кенгуру табиғатта тіршілігін жалғастырады.

Ал жақында Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкентский зоопарк (@shymkentzoo)

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью