Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15.12.2025

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент прокуратурасы тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушыларының (ЖСО) борышкерлердің Қазақстаннан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастау және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғау деректерін (ЖСО еңбек демалысында болған кездерінде, олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған) анықтаған.

Қазақстан Республикасы әділет министрі атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысын енгізген.

"Ұсынуды қарау нәтижесінде 85 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сонымен қатар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензияларынан (бұдан әрі – лицензия) айыру туралы сотқа талап қою енгізілді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 12 ЖСО лицензиядан айырылды (сот актісі күшіне енді)", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью