Шымкентте 2 млрд теңгенің инвестициялық жобасына қатысты әкімшілік тосқауылдар алынды

22.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

BAYMEN FOOD ЖШС минералды су мен алкогольсіз сусындар өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард теңгені құрайды, 50 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Тексеру барысында инвестордың ұзақ уақыт бойы электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды ала алмағаны анықталды. Өтінімдер талаптарға сәйкес болғанымен, уәкілетті органдар бірнеше рет келісуден бас тартқан, бұл кәсіпорынның іске қосылу мерзіміне қауіп төндірген. 

Прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдар мен инвестордың қатысуымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырылып, мәселе жедел шешілді. Нәтижесінде инвесторға қуаты 1,3 МВт электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар қысқа мерзімде берілді. 

Әкімшілік кедергілер жойылып, жоба жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. 

Шымкент қаласының прокуратурасы әкімшілік тосқауылдарға тап болған инвесторларды +7 707 615 00 10 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған бухгалтерге қатысты үкім шыққанын жазғанбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью