Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты ақпарат тарады

12.01.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент полициясының бағытттамасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент полициясының бағытттамасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттары салдарынан 21 жастағы қыз қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі полиция растады. Адам өлтірді деген күдіктінің жеке басы анықталған.

Кейінен күдіктіге қатысты бағыттаманың суреті тарады. Құжатта оқиғаның сағат 18:40-та, Шымкенттегі Төлеметов көшесіндегі, №69/39 ғимарат маңында болғаны айтылған. Қыз оқиға орнында қаза болған.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.

Сурет: otyrar.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью