Шымкентте 21 жастағы қыздың өлімі: Қылмыстық істі тергеу ІІМ бақылауында

16.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

— Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекетіне құқықтық баға беріледі. Жедел-тергеу іс-шаралар кешені жалғасып жатыр, оның барысында барлық мәлімет, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талданады. Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Кейіннен 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірген адам іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

13 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ер адам ұсталды. Қазір 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған.

Марқұмның туған-туыстары қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік болғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, марқұм қудалау мен қорқыту деректері бойынша бірнеше рет көмек сұрап құқық қорғау органдарына жүгінген, алайда жолданған өтініштер тиісті деңгейде қаралмаған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью