Шымкентте 3 жасар бала 16 магнит жұтып қойған

18.12.2025

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шымкенттің дәрігерлері 16 магнит жұтып қойған балаға күрделі ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттің дәрігерлері 16 магнит жұтып қойған балаға күрделі ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Денсаулық сақтау басқармасына қарасты қалалық балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған 3 жасар бала жеткізілген. Ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп магниттерді жұтып қойған.

"Балақайдың ішін тексергенде айқын ауырсыну белгілері анықталады. Қабылдау бөлімінде науқасқа шұғыл медициналық шаралар жүргізіліп, одан кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Рентгенологиялық зерттеудің тікелей проекциясында баланың ішінен бөгде зат анықталды", - делінген жазбада.

Тиісті медициналық тексерулерден кейін балаға жедел ота жасалған.

"Ішіне видеоэзофагогастроскопия жүргізіліп, асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит анықталды. Бөгде заттар эндоскопиялық граспердің көмегімен ағзадан толық алынып тасталды".

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы (@gorzdravshymkent)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью