Шымкентте 4 миллион теңге алимент берешегі бар борышкерді бас бостандығынан айырды

05.11.2025

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл прокуратура бастамасымен 38 борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты.

Бұл республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп, сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрап отыр.

Соңғы сот үкімі бойынша 4 миллион теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-нің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-нің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Алдағы уақытта қала прокуратурасының ұйымдастырумен осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью