Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

17.07.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында полицейлер аулада ойнап жүрген балаларға ерекше сый жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полицейлер коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, ойын алаңдарында су мен көбік шашып, қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Салқын душтан кейін балаларға тегін балмұздақ таратылды. Ал қала әкімдігі өзінің ресми парақшасында бұл ерекше шараның видеосын жариялады.

Айта кетері, бүгін Шымкентте ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Ертең термометр бағанасы +44 градусқа жетеді деп болжанып отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью