Шымкентте 700 мың теңге пара алған бұрынғы басшы 24,5 млн теңге айыппұл төлейді

18.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Үш айыпталушыға қатысты іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

– Ералқасын Түктібай лауазымды тұлға ретінде бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін, ал Б. және Ш. ірі көлемде пара бергені үшін айыпталды, – деп мәлімдеді сот.

Сот анықтағандай, Е.Түктібай «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» РММ басқарған кезде қызметтік өкілеттігін пайдаланып, қарамағындағы қызметкерлерден еңбек шарттарын бұзбау үшін ақша алған. Жалпы пара сомасы – 700 мың теңге.

Қаражатты екі қызметкер берген. Бірі – уақытша зоолог, екіншісі – оба диагностикасы мен алдын алу зертханасының меңгерушісі. Екеуі де келісімшарт бойынша жұмыс істеп, басшының шешіміне тәуелді болған.

Бірі 200 мың теңге, екіншісі 500 мың теңге беріп, келісімшарттарды ұзартуды және жұмысын сақтауды көздеген.

Сот үкімімен үш айыпталушы да кінәлі деп танылды.

– Жазаны тағайындағанда сот барлық айыпталушының кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінгенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады, – деп хабарлады сотта.

Ералқасын Түктібайға 24,5 млн теңге айыппұл салынды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ал бұрынғы қызметкерлерге берілген пара сомасына сәйкес, біріне – 2 млн теңге, екіншісіне – 5 млн теңге айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Шымкентте былтыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 56 адам сотталғанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью