Шымкентте ағыс алып кеткен бойжеткендер өзеннен шығарылды

14.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шымкентте полиция қызметкерлері өзен ағысымен ағып кеткен екі қызды құтқарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға Қарабастау ауданында суға шомылу кезінде екі қызды ағыс әкетіп бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер судағы бойжеткендерді көріп, дереу көмекке ұмтылды. Инспектор Нұрлан Жұмабай әріптестерімен бірге қыздарды судан шығарып, жағаға жетуіне көмектесті.

Құтқарылғаннан кейін қыздарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Шымкент қаласы полиция департаментінің жарияланымы (@police_shymkent)

Полиция азаматтарға су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, қауіпті жерлерде суға түспеу және өз мүмкіндіктерін асыра бағаламау қажеттігін еске салды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью