Шымкентте әкімдікті бопсалаған блогер бас бостандығынан айырылды

24.04.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Шымкентте әкімдікті бопсалаған блогер бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды қалалық сот.

Блогерге қатысты іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Тағылған айып - "қорқытып алу".

Сотталушы былтыр қазан айында Шымкент қаласы әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін постты әлеуметтік желілерде жарияламақ болған.

"Әкімдіктің өкілімен кездесу барысында өзімен 10,0 млн теңге болатын тапсырыс бойынша ақпараттық келісім шарт жасауды талап еткен. Болмаған жағдайда әкімдікті масқаралайтын жазбаны өзінің парақшасына жариялайтынын айтып қорқытқан. Ал 6 қарашада 990 000 теңгені анасының банктік есеп шотына аударым жасатып алған", - дейді сотта.

Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленуші тарап сотталушыға қатаң жаза тағайындасын деді. Десе де, сотталушы блогер өз кінәсін тек ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Айта кетейік, блогердің асырауында бес баласы бар.

"Сот үкімімен сотталушы 5 жыл бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қызметпен айналыспайды. Сондай-ақ 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді сотта.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью