Шымкентте алимент төлемегендерге қатысты 38 қылмыстық іс сотқа жолданды

05.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биыл 38 борышкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық істер қозғап, сотқа жолданды. Нәтижесінде борышкерлерге қатысты сот үкімдері шығарылды.

Бұл көрсеткіш республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған тұлғаларға қатысты тіркелген және сотқа жолданған істердің 9%-ын құрайды.

Соңғы сот шешімі бойынша 4 миллион теңге көлемінде алимент берешегі бар азамат кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Аудан прокуратурасы ескертеді: кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қала прокуратурасы алдағы уақытта да алимент өндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бүгін, 12:42

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью