Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Шымкент қаласының Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа қатысты тәртіптік іс қозғалды. Оның материалдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясында қаралатын болды. Тексеріс әлеуметтік желілерде кең тараған бейнежазбадан кейін қолға алынған. Кадрларда сырт келбеті әкімге ұқсас ер адамның футбол алаңында өзге азаматқа бірнеше рет соққы жасағаны байқалады. Осы оқиға қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Шымкент әкімдігі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған дерек бойынша тәртіптік іс қозғалғанын растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Агенттіктің жергілікті мемлекеттік органдар қызметін бақылау басқармасының басшысы Жасұлан Тулаков бұл мәселе Әдеп жөніндегі комиссия отырысында қаралатынын айтты. Оның сөзінше, комиссия шенеуніктің әрекетіне құқықтық баға беріп, тәртіптік құқықбұзушылықтың бар-жоғын анықтайды.
Астанада полицей телефонға жауап бермегені үшін бастығын соққыға жықты
Сондай-ақ қолданыстағы ережелерге сәйкес, мемлекеттік қызметкердің тәртіптік жауапкершілігі, қолданылатын жаза түрі және өзге де мәселелер дәл осы комиссия отырысында шешіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент әкімдігі бейнежазба жарияланғаннан кейін қызметтік тексеріс басталғанын хабарлап, оның қорытындысы шықпай тұрып асығыс пікір білдірмеуге шақырған еді. Оқиға бойынша соңғы шешімді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясы қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар
Президент: Жаңа Халық Конституциясы – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат
Президент • Бүгін, 14:34
Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Президент • Бүгін, 14:15
Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:49
Таяу Шығыстағы шиеленістің әсері: Формула-1 жарыстарының екі кезеңі өткізілмейді
Әлем • Бүгін, 13:38
Тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: Сұраныс неге екі есеге азайды?
Қоғам • Бүгін, 13:18
Digital Nauryz: Өңірлерде ЖИ бойынша оқыту іс-шаралары өтеді
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:57
Айт намазының кестесі жарияланды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Петропавлда 37 жастағы азамат өзіне қол жұмсады
Оқиға • Бүгін, 12:33
Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:17
Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған қоспа әзірлеп жатыр
Медицина • Бүгін, 12:15
Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:12
«Астана опера»: Өнер ордасы өрісін кеңейтті
Өнер • Бүгін, 12:07
Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді
Спорт • Бүгін, 11:56
Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?
Қоғам • Бүгін, 11:42