Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Әлеуметтік желіде автобус пен жеңіл автокөлік жүргізушілері арасындағы кикілжіңге қатысты бейнежазба тарады. Онда қоғамдық көліктің жүргізушісі алдында тұрған жеңіл көлікті соғып, орнынан ығыстырғаны көрінеді.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталған факт негізінде ӘҚБК 610-бабына сәйкес жол қозғалысы ережесін бұзудың материалдық шығынға әкеп соққан жағдайлары бойынша әкімшілік іс қозғалды.
– Жол-көлік оқиғасына қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде автобус жүргізушісінің жол қозғалысы қағидаларының талаптарын бұзғаны анықталды. Тәртіптік іс жүргізу қорытындысы бойынша жүргізушімен келісімшарт бұзылып, еңбек қатынастары тоқтатылды, – делінген ведомство ұсынған ақпаратта.
Бұдан бұрын Шымкентте автобус жүргізушісін ұрған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын жазған едік.