Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Сайрам шағын ауданында бір қабатты автожөндеу кешенінің ғимаратында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, 112 қызметінің диспетчерлік пультіне өрт туралы хабар 8 наурыз күні сағат 12:57-де түскен. Шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері Әмір Темір көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының ғимараты ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның ғимаратқа кең таралуының алды алынды. Өрт ошағы орналасқан аумақта бір автокөлік зақымданды», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 74 қызметкері жұмылдырылды.