Шымкентте баланың үстіне ағаш бұтағы құлап, мерт қылды

12.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жаңбыр соңы қарға ұласып, ағаштар салмақты көтере алмай сына бастаған. Ірі бұтақтардың бірі 4-сынып оқушысының үстіне құлаған. Оны құтқару мүмкін болмады.

Қолайсыз ауа райынан кейін қалада электр желілерінің үзілуі тіркеліп, аудандардың бір бөлігі уақытша жарықсыз қалды. Бірнеше жерде құлаған ағаштар көліктерді зақымдаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әкімдік арнайы комиссия құрылғанын хабарлап, қаза тапқан баланың отбасына көмек көрсетуге уәде берді. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, тұрғындарға ағаштардың қайта құлау қаупі бар екені ескертілді.
 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью