Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерден әйел, екі қыз және бір жігіт өлі табылды

05.03.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерде төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерде төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Студенттік қалашық шағынауданында болған. Көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы басқа пәтерден 23 жастағы жігіт өлі анықталған. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыз көз жұмған.

Көршілердің айтуынша, олар бұған дейін газдың иісіне шағымданған. Алайда әзірге газ қызметінен ресми түсініктеме берілген жоқ. Полиция адам өліміне әкелген қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алдымен қызды шамамен сағат 12-лерде тапты. Пәтер иесі келіп, жуынатын бөлменің есігі жабық тұрғанын көрген. Ашса, пәтерді жалдаған қыз шомылып жатып, сол жерде қайтыс болған. Осыдан кейін ол учаскелік полиция қызметкерін шақырған. Барлық адамды сыртқа шығара бастады. Құтқарушылар келіп, басқа пәтерлердің есіктерін бұзып ашып, тағы да мәйіттерді тапты", – деді Ислам Файзуллаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью