Шымкентте бір үйдің 8 адамы уланып қалды

29.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласының Абай ауданында бір отбасының 8 мүшесі газдан уланып қалды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 28 желтоқсанда болған.

"Алдын ала болжам бойынша улануға түтін мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай болмауы себеп болған. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда", - дейді ведомство.

ТЖМ мамандары газ жабдықтарын уақытылы тексерту қажеттігін ескертті. Сондай-ақ мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалап, үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасау керектігін айтты.

Еске сала кетейік, Атырау облысында жылыту пешін пайдалану талаптарының бұзылуынан 3 адам табиғи газдан уланып, оқиға орнында көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью