Шымкентте бір жыл сабаққа қатыспаған оқушыға баға қойылған

13.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек айтты.

— Кейбір колледждерде 2 мың студент білім алады деп көрсетілгенімен, нақты қатысушылар саны әлдеқайда аз, яғни 300-400 студент қана барып жүр. Мемлекеттік бюджеттен қаржы алып, грант иеленгенімен, сабаққа қатыспайтын студенттер және стипендиясын өзге тұлғалар алып отырған фактілер де кездеседі. Сондай-ақ қаладағы бір мектепте оқиды деп тіркелген оқушының сол уақытта шетелде болғаны анықталды, алайда бір жыл бойы сабаққа келмеген оған баға қойылып келген. Аталған дерек құзырлы органдарға жолданды, — деді қала әкімінің орынбасары.

Спикердің айтуынша, білім беру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жасанды интеллектке негізделген «Айқын» ақпараттық жүйесі толық енгізілген.

Интеллектуалды платформа мектеп аумағындағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, өрт қауіпсіздігін бақылауға, буллинг жағдайларын анықтауға, оқушылардың тегін тамақпен қамту процесін және сабаққа қатысуын қадағалауға мүмкіндік береді.

— Жоба аясында мектеп кабинеттері мен оқушылар көп шоғырланатын аумақтарға 10 400 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылып, бұрыннан жұмыс істеп тұрған 5 мың камерамен біріктірілді. Барлық жүйе Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Бұл жауапты органдарға жағдайды онлайн режимде бақылап, жедел шешім қабылдауға жол ашады. Мектептерден кейін енді колледждердің әрбір кабинетіне бейнекамера орнату жоспарланып отыр. Қаладағы 98 мемлекеттік мектепке 392 дана «Alaqan mektep» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Жүйе арқылы оқушылар асханаға кірген сәтте алақан биометриясы арқылы автоматты тіркеуден өтеді. Нәтижесінде нақты көрсетілген қызметке ғана төлем жасалып, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы қамтамасыз етіледі, — деді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін азайту және қаржылық бақылауды күшейту мақсатында QARQYN бағдарламасы іске қосылды.

Жоба мектепке дейінгі, қосымша, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын толық қамтиды. Инклюзия, кадр, қаржы, бухгалтерия және құжат айналымы бағыттары да цифрлық форматқа көшірілген. Жүйе Kundelik, 1С, Balabaqsha, Qosymsha, Pana, Smartnation, Sana платформаларымен біріктірілген және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай жұмыс істейді.

Бұдан бұрын Шымкентте білім беру ұйымдарында 700 млн теңгеден астам қаржы заңсыз төленгенін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью