Шымкентте бөгет бүлінді: полиция күдіктілерді іздеп жатыр

16.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АЛМАТЫ, 16 ақпан - Sputnik. Шымкентте өзеннен заңсыз тас қазылған, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

"Салдарынан гидротехникалық құрылыс нысанына зиян келіп, бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап жатыр", - дейді әкімдік.

Мамандардың хабарлауынша, бүлінген аумақ мердігер мекеменің есебінен қалпына келтіріледі.

Жобаның кепілдік мерзімі 7 жыл.

Жалпы Бадам өзеніндегі жағдай тұрақты, өзен арнасы бақылауда, тиісті қызметтер тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта су тасу қаупі жоқ, дейді Шымкент қалалық әкімдігі.

Айта кетері, көктемде су деңгейі көтерілетіні ескеріле отырып, өткен жылы тасқын қаупін азайту мақсатында өзен жағалауы нығайтылған болатын. Жалпы ұзындығы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, жұмыс желтоқсан айында толық аяқталған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью