Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Шымкентте таңғы сағат шамамен алтыда болған жанжалдан кейін автобус аялдамасы зақымданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полиция мәліметінше, өзара келіспеушілік салдарынан үш қыз аялдама павильонының шынысын сындырып, құрылымына зиян келтірген.
Күдіктілер бейнебақылау камералары арқылы жедел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Құқық қорғау органдары кез келген заң бұзушылық тиісті түрде қаралып, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті.