Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қала күніне орай Достық шағын ауданында пайдалануға берілген жаңа нысанның ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, тұрғындар мен мегаполис қонақтары қатысты.
Экопарк аумағында жасанды су айдыны, серуендеу жолдары, бақылау алаңдары, жарықтандыру жүйесі және демалыс орындары салынды.
Парк құрылысы 2024 жылдың қазан айында «Таза Қазақстан» акциясы мен экопарктерді дамыту бағдарламасы аясында басталған болатын. Жоба шеңберінде мұнда 5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.
Мамандардың айтуынша, жаңа жасыл аймақ қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп, тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп күтілуде.