Шымкентте дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген азаматты аман алып қалды

16.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Осылайша Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері 38 жастағы азаматты ажалдан арашалап қалды.

Дәрігерлердің айтуынша, асқазаннан өткен ұзындығы шамамен 3 сантиметр болатын өткір сүйек ішекті тесіп, перфорацияға әкелген. Соның салдарынан перитонит — іш пердесінің жедел қабынуы басталған. Науқаста тамақ өтімсіздігі де байқалған.

— Науқасқа шұғыл түрде хирургиялық ота жасалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өткен ота барысында хирургтер ішекті тесіп тұрған сүйекті алып, зақымдалған ішек бөліктерін тігіп, қалпына келтірді. Сондай-ақ іш қуысы толық тазартылып, перитониттің зардаптары жойылды. Ота 1,5 сағатқа созылып, жалпы жансыздандырумен өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, — деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалы.

Ота жасаған хирург-дәрігер Нұрғали Тұрлыбаевтың айтуынша, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ауыр асқынулардың алдын алу мүмкін болған.

Фото: ӘМС қоры Шымкент қаласы бойынша филиалы

Ал науқастың өзі дәрігерлерге кәсіби шеберлігі мен медициналық көмегі үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті күрделі отаның көмегімен алып тастағанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью