Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
26-27 наурызда қалада Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары мен Digital Qazaqstan – 2026 форумының қатысушылары болады. Осы кезеңде арнайы рұқсатсыз дрондарды ұшыруға және пайдалануға тыйым салынады.
– Бұл шектеу дрондарды ұшыруға, басқаруға және пайдалануға қатысты, – деп хабарлады Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ведомство атап өткендей, ережені бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
– Рұқсатсыз дрон ұшыру әуе кеңістігін пайдалану ережесін бұзады және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі, – деп нақтылады басқарма.
Ережені бұзғандар үшін айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі – 10 АЕК, ал лауазымды тұлғаларға – 20 АЕК. Қайталанған жағдайларда айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 15 АЕК-ге, лауазымды тұлғалар үшін 25 АЕК-ге дейін артады. Кейбір жағдайларда дрон тәркіленуі мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларды ескеріп, дрондарды пайдаланып түсірілім жасамаулары сұралады. Шектеулер халықаралық делегациялар қатысатын шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.
Бұған дейін Шымкентте аталған күндері бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелетінін жазған едік.