Шымкентте ЕАЭО елдері сауда экономикалық қатынастарды дамытуға келісімге келді

26.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

– Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына үндеуінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің төрағалығымыздың негізгі басымдықтары – жасанды интеллектіні экономикалық интеграцияны дамытудың, кедергісіз ортаны қалыптастырудың және сауда географиясын кеңейтудің жаңа құралы ретінде пайдалану екенін атап өтті. Біз бірлескен күш-жігерімізбен интеграциялық үдерістерге қосымша серпін бере алатынымызға сенімдімін, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыс барысында қатысушылар сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Жиын «Индустрия 5.0: Өзара іс-қимыл күші» тақырыбына арналған Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумының қарсаңында өткізіліп отырғанын атап өткен жөн, бұл да көпжақты диалогты тереңдетуге ықпал етеді.

Фото: Үкімет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО шеңберінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бастамасына, сондай-ақ елдер экономикасын одан әрі дамыту және жалпы алғанда салалардың тиімділігін арттыру перспективаларына назар аударылды. ЖИ технологиялары логистикалық процестерді жеделдетуге, ашықтықты арттыруға және анағұрлым тиімді цифрлық жеткізу тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектеновтің Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысқанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью