Шымкентте едені тесік автобус видеоға түсіп қалды

22.05.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шымкентте едені тесік автобус видеоға түсіп қалды. Бұл ретте көлік паркте тұрмаған, жолаушылар тасымалдап бара жатқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте едені тесік автобус видеоға түсіп қалды. Бұл ретте көлік паркте тұрмаған, жолаушылар тасымалдап бара жатқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автобустың видеосы қалалық пабликтерде жарияланды. Бейнежазбада жүріп бара жатқан автобус еденіндегі тесіктен асфальт пен тоқтаусыз айналып жатқан кардан білігі анық көрінеді.

Бұл жағдай автобус жолаушыларын еш қымсындырмаған сияқты. Видео астындағы пікірлерде қазақстандықтар едендегі инновациялық желдеткіш жүйесі мен телепорт туралы әзілдеп жатыр. Ал кейбіреулер 90 жылдардағы қоғамдық көлікті еске алды.

Ал кейбір пікір қалдырушылар видео баяғыда түсірілген болуы мүмкін екенін айтады, себебі қазір Шымкенттегі бағыттарда жаңа автобустар жүріп жатыр-мыс.

Қала әкімдігі бұл жазбаға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью