Шымкентте экоакция кезінде 40 тонна қоқыс шығарылды

30.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезінде 40 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Қала аумағын тазартып, мыңдаған адамды игі іске жұмылдыруға «Аманат» партиясы да атсалысты. Өзен-көлдердің жағалауы мен саябақ, гүлзарлар қамтылды. Сондай-ақ тұрғын үйлердің төңірегі тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ирригациялық жүйелер ағаш жапырақтарынан ашылып, қураған бұталар қырқылды. Эконауқанға еңбек ардагерлері, ерікті жастар, әкімдік қызметкерлері мен коммуналдық жұмысшылар қатысты. Ал бүгінгі тазалық шарасы Адырбеков атындағы көше бойында ұйымдастырылды.

Ербол Байқонысов, Amanat партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- «Тазалық денсаулық кепілі», дейді. Сондықтан біз Шымқаланы жасыл қалаға айналдыру мақсатында осыны жүйелі түрде жасауымыз керек. Сондықтан барлығы таза болатын болса біз әрқашан рухани да, экологиялық та таза болсақ біз нағыз ұлт боламыз деп есептеймін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью