Шымкентте экскаватор жұмысшыны басып кетті

24.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жол құрылысында жұмыс істеген. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Шымкент қалалық полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью