Шымкентте электр жарығының өшуіне қатысты 28 мыңнан астам шағым түскен

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қалалық цифрландыру басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері I-Shymkent 109 орталығына тұрғындардан 111 мыңға жуық арыз-шағым түскен.

Түскен өтініштердің 91,2 пайызы орындалған, қалғаны қазіргі таңда бақылауға алынған. Орталық күн сайын орта есеппен 1000-1500 қоңырау қабылдайды.

Ведомство мәліметінше, шағымдардың басым бөлігі коммуналдық қызметтерге қатысты болып отыр.

— Атап айтқанда электр энергиясының өшуіне байланысты 28 мыңнан астам қоңырау тіркелді. Аула және көше жарықтандыру мәселелері бойынша 6 мыңға жуық өтініш түскен, оның 1500-і қаралып жатыр. Сонымен қатар жасыл желекке қатысты 3 мыңға жуық шағым тіркелген, — делінген басқарма ұсынған ақпаратта.

Жалпы қала тұрғындары тиісті қызметтерге жарық, су, қоғамдық көлік, аула және көше жарықшамдары, санитарлық тазалық, жасыл желек пен жол инфрақұрылымы мәселелері бойынша жиі шағымданады.

Еске сала кетейік, өткен жылы орталыққа 350 мыңнан астам өтініш тіркелген. Әсіресе, жылу беру маусымы қарсаңында, яғни қазан-қараша айларында шағымдар саны артқан.

Бұдан бұрын ШҚО тұрғындары электр жарығы жиі өшетіндігіне шағымданғанын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью