Шымкентте ер адам багажында жарылғыш құрылғы барын хабарлады, ол қамауға алынды

24.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Шымкент – Астана бағытындағы рейске тіркелу кезінде мас күйде болған ер адам багажында "жарылғыш құрылғы" барын айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы сәрсенбі, 23 қыркүйекте ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, оқиға дүйсенбі, 21 қыркүйекте Шымкент әуежайында болған.

Әуекомпания өкілдері жолаушыны рейстен түсіріп, көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырған. Көлік полицейлері тексеру жүргізген кезде ақпарат расталмады – ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Ведомство өкілдері әуежайда эвакуация жүргізілмегенін атап өтті.

"Тексеру нәтижесінде ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Департамент өкілдері әуежайларда және көлік инфрақұрылымы нысандарында жарылғыш құрылғылар немесе өзге де қауіп-қатер туралы әзіл айтуға болмайтынын еске салды. Адам қандай да бір зиян келтіруді көздемеген болса да, қауіпсіздікке қатысты кез келген мәлімдеме белгіленген тәртіппен тексеріліп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәскеу - Астана рейсінің жолаушысы әуе кемесі бортында тәртіп бұзғаны үшін қамауға алынған болатын. Ұшақ Қазақстан астанасының әуежайына қонғаннан кейін ер адам көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Тағы оқыңыз: Сөмкесінен қауіпті зат табылған жолаушы Жезқазғанға ұша алмай, 60 мың теңге айыппұл төледі

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью