Шымкентте ер адам бәстесіп, 26 қаламсап жұтып қойған

14.10.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны бәстесудің салдарынан 26 дана қаламсапты жұтып қойған, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Асқазан-ішек жолдары қатты ауырған науқас №1 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

"Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеріп, эндоскопиялық ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота шамамен 2 сағатқа созылып, нәтижесінде мамандар науқастың асқазанынан барлығы 26 қалам-сапты эндоскопиялық жолмен алып шықты", - дейді ведомство.

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, операция тіліксіз, яғни іш қуысына хирургиялық жолмен кеспей жүргізілген.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне шығарылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью