Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Шымкент қаласында полицейлер болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Кезекші бөлімге қала тұрғынынан автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.
Іздестірілген көлік көп ұзамай қала көшелерінің бірінен анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында көлік тізгінінде арызданушының туысы отырғаны белгілі болды. Ол автокөлікті мас күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз басқарған.
Сонымен қатар құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде қауіпті жағдай дер кезінде тоқтатылып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
"Аталған дерек бойынша көлік құралын заңсыз иелену фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды",- деп мәлімдеді полицейлер.
Бұған дейін Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен ірі көлемде есірткі тәркіленгенін жазғанбыз.