Шымкентте есірткіні жарнамалайтын грффити жазбалардың авторы ұсталды

08.05.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігітті қылмыс үстінде ұстады.

Тексеру кезінде одан өткізуге дайындалған психотроптық зат салынған 40-қа жуық орама тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында есірткіні арнайы жасырын орындарға қалдырып, олардың координаттарымен мессенджер арқылы бөлісіп отырғаны анықталды.

Сонымен қатар ұсталған азаматтың қаладағы ғимараттар мен қабырғаларға есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын граффити салумен де айналысқаны белгілі болды.
Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында есірткі жарнамасын анықтау және оны жоюға бағытталған “Stop-граффити” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара аясында оқу орындарының маңында орналасқан 400-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазба жойылды.
Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу және есірткі жарнамаларын жою бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Бүгін, 17:21

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью