Шымкентте есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ерлі зайыпты ұсталды

03.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қарағанды қаласының 48 жастағы тұрғыны мен оның 37 жастағы жұбайы жеке автокөлікпен синтетикалық есірткінің ірі партияларын Алматыдан Шымкент қаласына жеткізіп, оларды еліміздің оңтүстік өңірлерінде одан әрі таратуды көздеген.

Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан жалпы салмағы екі келіге жуық мефедрон салынған, герметикалық түрде қапталған 4 орама табылды.

Өскеменде екі тұрғыннан есірткі салынған 91 орам тәркіленді

Ұсталғандардың телефондарын тексеру барысында интернет-есірткі дүкенінің кураторымен хат-хабарлары анықталды. Сол арқылы олар есірткіні тасымалдауға қатысты тапсырмалар алып отырған. Сондай-ақ жасалған есірткі қылмыстары үшін криптовалюта арқылы төленген сыйақылар туралы мәліметтер табылды.

Қамқорлығында кәмелетке толмаған үш баласының болуына қарамастан ерлі-зайыпты заңсыз табыс табу жолын саналы түрде таңдаған.

 Алматыда бір айдан бері есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды

Жауап алу барысында ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның каннабис тобына жататын есірткі заттарын пайдаланғаны расталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью