Шымкентте фронт кеңсе ашылды

30.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Шымкентте Полиция департаменті жанынан фронт-кеңсе ашылды. Тұрғындар заманауи  жабдықталған орталықта құқық қорғаушыларға тікелей жүгініп, арыз-шағымын қалдыра алады.

Сондай-ақ құжат рәсімдеу, өтінішті тіркеу, құқықтық кеңес алу  сияқты қызметтер бір жерден ұсынылады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған кеңсе жұмысымен Парламент Сенатының депутаттары танысты. Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаровқа өңірдің криминогендік жағдайы мен қылмыс деңгейі туралы ақпарат берілді. Биыл полицейлер 1600-дей арыз-шағым тіркеген. Жиында құқықтық реформалар аясында қабылданған заңнамалық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндірілді.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Биылғы сессияның отырысында қылмыстық профилактика мәселесі бойынша үлкен заң қыбылдадық. Ол бұрынғы салалы 5 заңды біріктіріп, дербес бір заң болды. Барлығы шоғырландырылды. Соның арасында біраз норма пысықталып, заман талабына сай бабтар енгізіліп, жұмыс істейтін болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью