Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шараның мақсаты – «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Оған барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, тәжірибелі заңгерлер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Акция барысында 1000-нан астам азамат отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама салалары бойынша білікті заңгерлік кеңес алды. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері егжей-тегжейлі түсіндірілді.