Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды

06.01.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шымкентте 80 миллион теңгеден аса сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте 80 миллион теңгеден аса сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу деректеріне сүйенсек, оның бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады.

"Алаяқтық эпизодтардың бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерді иемденіп кеткен. Сонымен қатар, ол шетелге арзан бағамен сапарлар ұйымдастырамын деп тұрғындардан ақша алып, турларды ұйымдастырмаған, қаражатты да қайтармаған", - деді полиция.

Осы жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Кешенді жедел іздестіру шаралары нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью