Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Кездесу барысында ұлттық телеком-оператор басшысы киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін құрылған «Антифрод-колл-орталықтың» жұмысымен танысты.
Мамандардың айтуынша, бұл тетік қылмыстарға қарсы тек әрекет етуге емес, олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ азаматтардың қаржылық шығынға ұшырау және психологиялық қысым көру тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Қала прокуратурасы мәліметінше, алаяқтардың ең көп таралған схемалары – жалған тауар жеткізу, туыстарының атынан жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама тарату, салық органдары атынан қоңырау шалу және медициналық тексеруге шақыру.
Кездесу қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықпен күресті күшейту үшін цифрлық байланыс саласындағы өзге провайдерлерді тарту арқылы әріптестікті кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылды арттыру жүйенің техникалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, азаматтарды қорғау тиімділігін күшейтеді.
Айта кетейік, 2025 жылы онлайн-ойындарға ақшалай қаражат салу арқылы жасалған 128 алаяқтық тіркелді.