Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура "Sin Yuan Steel" ЖШС-ның шағымына қатысты тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
"Бұқаралық ақпарат құралдарында "Sin Yuan Steel" ЖШС-ның Шымкент полициясының заңсыз әрекеттері туралы хабарламасы жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше инвестордың уәжін тексеру мақсатында Шымкент қаласының инвестициялық прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетейік, БАҚ-та Sin Yuan Steel зауытына рейд кезінде полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын жаппай ұстағаны туралы ақпарат тараған болатын. Зауыт басшылығы полицияның әрекеті кәсіпорынның жұмысын бұзды және инвестициялық жоспарларға қауіп төндірді деп шағымданды. Басшылықтың айтуынша, ұсталғандардың арасында өндірісті кеңейтуге инвестицияларды талқылауға келген инвесторлар да болған.