Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Шымкентте жаңадан паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт кешені салынады.
Заманауи нысан ерекше қажеттілігі бар спортшылардың кәсіби деңгейде жаттығып, халықаралық жарыстарға дайындалуына мүмкіндік береді. Құрылыс жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Сонымен қатар өңірде Президент тапсырмасымен ана мен бала денсаулығын нығайтуға арналған заманауи пери-наталдық орталықтың құрылысы басталады. 200 төсек-орынға арналған медициналық мекеме халықаралық стандарттарға сай жабдықталып, арнайы зертханалық-диогностикалық бөлімшемен қамтылады. Бүгін қала тұрғындарына әлеуметтік нысандардың құрылыс жобасы таныстырылып, салтанатты түрде капсула салу рәсімі ұйымдастырылды.
Айдын Нәшенов, қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- Екі нысанның да құрылысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын болады. Ол республикалық бюджет және жергілікті бюджеттен де. 2027 жылға дейін салынып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.