Шымкентте ішінде жолаушысы бар лифт 12 ші қабаттан құлап кетті

31.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әйел жетінші қабат деңгейінде эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Оқиға туралы хабар «112» құтқару қызметінің пультіне түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді.

— Алдын ала мәлімет бойынша, 16 қабатты тұрғын үйдегі лифт белгісіз себептермен төмен қатты жылдамдықпен қозғала бастаған, — деп мәлімдеді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Автоматты қауіпсіздік жүйесінің іске қосылуы кабинаны жетінші қабат деңгейінде тоқтатуға мүмкіндік берді.

Зардап шеккен әйелді құтқарушылар лифттен шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйелдің табан сүйектері мен омыртқасы сынған.

— Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауында, — деп хабарлады ведомствода.

Осы уақытта әлеуметтік желілерде тұрғындар бұл «Қазақстан» тұрғын үй кешеніндегі лифт жабдығының алғашқы ақауы емес екенін жазып жатыр. Жарияланымдарда лифттің бұған дейін де істен шыққаны, көтергіш құрылғының техникалық жағдайына қатысты сын айтылған. Қазіргі таңда бұл мәлімдемелер тексеріліп жатыр.

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от критика Шымкента (@kritika_shymkent)

— Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департамент.

Осыған дйін елдегі лифтілердің 40 пайызы жарамсыз екені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью