Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Шымкентте интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталған «Антифрод» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, 1 ақпаннан бастап атқырылған жұмыстар нәтижесінде киберқылмысқа қарсы күресте нақты көрсеткіштерге қол жеткізілген.
— Интернет-алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталып, бір ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. Сонымен қатар 2 хакердің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бұдан бөлек, SIM-карталарды заңсыз іске қосумен айналысқан 5 адам қолға түсті. Олардан 3 мыңнан астам SIM-карта мен 18 ұялы телефон тәркіленді, — деді Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев.
Оның айтуынша, киберқылмыс жасағаны үшін 37 тұлға жауапкершілікке тартылып, тағы 27 азамат профилактикалық есепке алынған. «Антифрод» жүйесі арқылы 15,5 миллион теңгеден астам қаражат бұғатталып, 18 мыңнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді.
Сондай-ақ қылмыстық мақсатта пайдаланылған 337 интернет-ресурс бұғатталды.
Осыған байланысты полиция тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте киберполиция интернет-алаяқтықтың жолын кесіп, зейнеткердің ұрланған 9 млн теңгесін қайтарып берді.