Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған

12.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Шымкентте колледж басшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырып, 1,3 млрд теңге жымқырған. Бұған дейін де істі болған ол заңсыз әрекетін түрмеде отырып жалғастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған.

Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де қатысы бар тұлғалар тартылған. Схема жалған бұйрықтар шығару, электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану және жалған актілер рәсімдеу арқылы жүзеге асқан. Сонымен қатар, кейбір студенттер ақылы бөлімнен мемлекет есебінен оқитындар қатарына заңсыз ауыстырылған.

Абай облысында шаруа қожалығы басшысы 211 млн теңге жымқырған

Тергеу дерегіне сай, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаржысын иемдену үшін пайдаланылған. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,3 млрд теңгеден асқан.

«Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы үш тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген агенттік хабарламасында.

Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған

ҚМА мәліметінше, күдіктілер 65 млн теңге шығынды ерікті түрде өтеген. Бұдан бөлек, сот санкциясымен үш пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, үш тұрғын үй мен үш автокөлікке тыйым салынған. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?

Қоғам • Бүгін, 09:57

Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Теннис • Бүгін, 09:37

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:30

Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:16

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды

Теннис • Кеше

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі

Ауа райы • Кеше

Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады

Президент • Кеше

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент • Кеше

Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Әлем • Кеше

Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды

Әлем • Кеше

Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған

Қоғам • Кеше

Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

Елорда • Кеше

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды

Оқиға • Кеше

Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?

Оқиға • Кеше

Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды

Мектеп • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью