Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті

13.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Шымкентте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалиция құрылды. Коалицияның негізгі міндеті – референдумға шығарылған өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, ашық әрі мазмұнды қоғамдық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың науқанға саналы түрде қатысуына жағдай жасау, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қалалық коалициясының жетекшісі болып Мұрат Жолдыхожаев тағайындалды. Алдағы уақытта құрамында 150 адамы бар коалиция жұмыс істейді. Олардың қатарына саяси партия өкілдері, партиялық жақтастар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар белсенділері тартылған. Үгіт-насихат кезеңінде коалиция мүшелері бекітілген желілік кестеге сәйкес онлайн және офлайн форматта кездесулер, пікірталастар мен түсіндіру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді

Айта кетсек, кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Коалиция құрамына бес жетекші саяси партия – «AMANAT», «Ауыл», «Ақ жол», «Respublica», «Қазақстан Халық партиясы» және миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді.

Барлық саяси күштер қабылданатын жаңа Ата заң жобасына бірауыздан қолдау білдіріп отыр. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бапқа қатысты енгізілмек. Бұл жалпы мәтіннің 84 пайызын құрайды. Жаңа редакция 11 бөлім мен 96 баптан тұрады (бұрын 9 бөлім, 99 бап болған).

Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды

Қалалық коалиция жұмысы алдағы референдум қарсаңында қоғамды топтастырып, әрбір азаматтың пікірін ескеруге және елдің болашағына қатысты маңызды шешімге белсенді қатысуына бағытталмақ.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті

Ата заң • Бүгін, 16:41

2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады

Экономика • Бүгін, 16:22

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды

Медицина • Бүгін, 16:17

Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады

Мектеп • Бүгін, 16:08

Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды

Саясат • Бүгін, 15:55

Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді

Спорт • Бүгін, 15:52

Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Медицина • Бүгін, 15:38

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Қоғам • Бүгін, 15:28

24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?

Алматы • Бүгін, 15:25

Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды

Ата заң • Бүгін, 15:18

Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?

Экология • Бүгін, 15:03

Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді

Әлем • Бүгін, 15:00

Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты

Туризм • Бүгін, 14:54

Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Ата заң • Бүгін, 14:44

«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды

Президент • Бүгін, 14:33

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью