Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қайғылы жағдай Тұран ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Олардың денесі үш түрлі пәтерден табылған. Төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде 1994 жылы туған әйел мен оның 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қайынсіңлісі көз жұмған. Сол қабаттағы көрші пәтерден 24 жастағы жігіттің денесі табылды.
Марқұмдардың тағы бірі – үшінші қабатта пәтер жалдап тұрған 20 жастағы студент қыз.
Фото: видеодан алынған кадрОқиға туралы алғаш болып пәтер иесі дабыл қаққан. Ол жалға берілген баспананы тексеруге келгенде жуынатын бөлмеден пәтер жалдаушының жансыз денесін көрген. Осыдан кейін оқиға орнына жедел қызметтер шақырылған.
Тұрғындардың айтуынша, үйдің кіреберісінде газ иісі бірнеше күн бойы сезілген. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Фото: видеодан алынған кадр– Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
Бүгін марқұмдар соңғы сапарға шығарып салынды. 32 жастағы әйелдің артында жолдасы мен үш кішкентай баласы қалды.
Бұдан бұрын ақпан айында Шымкентте жалдамалы пәтерден бір отбасының үш адамы өлі күйінде табылғанын жазған едік.