Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Shymkent Half Marathon өткізілуіне байланысты Шымкентте 12 сәуір күні сағат 05:00–ден 15:00–ге дейін бірқатар көше жабылып, қоғамдық көліктердің қозғалысына өзгерістер енгізіледі.
Уақытша шектеулерге байланысты бірнеше автобус бағыты төменде көрсетілген көшелермен жүрмейді:
№ 52 бағыт (Түркия, Алатау батыр көшелері);
№ 9 бағыт (Жейхун, Жантөре көшелері);
№ 3 бағыт (Әбілхайыр хан, Қ.Жалайыри, Түркия көшелері);
№ 108 бағыт (Түркия, Сейхун көшелері);
№ 150 және 126 бағыттар (Қ.Жалайыри, Түркия көшелері).
Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерге жол қозғалысын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Қалалық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, марафон «Шымсити» шағынауданында таңғы сағат 06:30–да басталады. Жарысқа қатысушылар 5, 10 және 21,1 шақырым қашықтықтарда сынға түседі. Спорттық іс-шараға 3 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бұрын Астана орталығында жылына неше марафон өткізуге рұқсат берілетінін жазған едік.