Шымкентте мерекелік отшашудан өрт шықты

26.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

25 қазан күні түнде Шымкентте мерекеге орай ұйымдастырылған отшашу кезінде құрғақ шөп өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өрт сағат 23:42-де Нұрсат шағын ауданында болған.

“Ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды”, – деп хабарады ведомство.

Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті өрттің сағат 23:50-де сөндірілгенін хабарлады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью