Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

07.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Шымкент қаласында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, сарбаз Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы, Тараз қаласынан әскерге шақырылған. Қызмет барысында ол бірнеше рет медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлердің бақылауында болған және қаладағы емдеу мекемелерінде тексеруден өткен.

6 қаңтар күні әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтаған. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханалардың бірінде көз жұмды. Алдын ала диагноз жедел лейкоз деп көрсетілді.

Аталған факті бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауына алынды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында әскери қызметші Дінмұхамедтің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді. Ол әскерге өзінің егіз бауырынан кейін барған. Алғашында олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін олардың бірі басқа бөлімге ауыстырылған.

Осы жылдың 17 қыркүйегінде отбасы Дінмұхамедтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар алған. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз өз-өзіне қол жұмсады деген болжам айтылған. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқамен келіспейтінін мәлімдеді.

Кейінірек Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев 19 жастағы Дінмұхамедтің өліміне қатысты түсініктеме беріп, егіз бауырлар бірге қызмет етпегенін, олардың әр уақытта және әртүрлі елді мекендерден әскерге шақырылғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью