Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Шымкент қаласында мектеп оқушысына жасалған шабуыл видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полиция мәліметінше, бейнежазбада 10-сынып және 5-сынып оқушылары бейнеленген. Екеуі көрші тұратын жасөспірімдер екені анықталды. Оқиға ауызша жанжалдан басталып, кейінірек жоғары сынып оқушысы кіші сыныптағы баланы көшеде ұстап алып, күш қолданған.
Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмегені үшін жауапкершілікке тартылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, материал кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданды.